«Тапсырыс беруші – «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ; атауы - работы по озеленению и сопутствующие к ним («абаттандыру және абаттандыруға байланысты жұмыстар», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Тараз қаласын абаттандыру және көгалдандыру; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 415 178 571,43», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 27 ақпанда басталып, 6 наурызға дейін жалғасады.
«Жұмыстар сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп ұстау, сатып алу бойынша қызметтер, ағаштарды қалыптау, ағаш отырғызу, жасыл желектерді машинамен суару, тамшылатып суару жүйелерін орнату, хеджирлеуге күтім жасау, шөп шабу, қоршауларды жөндеу - авариялық жұмыстар, сәндік жарықтандыру. Көгалдандыру бойынша қызметтер мен жұмыстарды жүргізуді бастау - гүлдерді, ағаштар мен бұталарды отырғызу, көгалдарды орнату және оларды күтіп ұстау және сатып алу жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізуші «көгалдандыру жобасын» жасауы керек», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Сондай-ақ Тараз қаласын көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі техникалық ерекшелікке сәйкес, тамшылатып суару, екпелерді қолмен суару, автоматты суару жүйелері түрінде сумен қамтамасыз ету керек. Қала көшелерінде, скверлерде, саябақтарда гүлдер мен ағаштарды отырғызу тапсырыс берушінің келісімімен жүзеге асырылады.
Сметалық құжаттамаға сәйкес, гүлдер мен ағаштарды отырғызу және оларды күтіп-ұстау бойынша жұмыстарға көшеттерді жұмыс орындарына тиеу және тасымалдау, сондай-ақ 25%-ға дейін жер өсімдіктерін, гумусты қосу, жер кесектері бар ағаштарды отырғызу, жұмыс орнына суару үшін суды тасымалдау, ағаштар мен гүлдерге күтім жасау кіреді.
«Ағаштар мен гүлдерді отырғызу отырғызуға қолайлы күндерде өтуі керек. Отырғызу материалының сапасы үшін жеткізуші жауапты, құлаған жағдайда - тірі қалмаса, жеткізуші барлық қажетті көлемді өз есебінен қалпына келтіреді», - делінген сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде.
Фото көзі: egemen.kz