«Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т464 529 428,45», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 28 ақпанда басталған, 5 наурызға дейін жалғасатын болады.
Осы хабарландыруда қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер туралы тағы бір лот сипатталған, жоспарлы сомасы - Т8 101 868 786,53.
Екі лот бойынша жалпы жоспарлы сома Т8 566 398 214,98 құрайды.
Сатып алынатын қаржы лизингі қызметтерінің техникалық ерекшелігінде лизинг заттары ретінде автомобильдер, автобустар, вакуумдық автоцистерналар, автогидрокөтергіштер, қоқыс тасушы көрсетілген.
Фото көзі: stan.kz