Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде бұрқасын және тұман күтіледі

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде бұрқасын және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет».

«05 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.

Астана қ.: 05 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

05 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 05 ақпанда тұман күтіледі.

05 ақпанда Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Семей қ.: 05 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

05 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 05 ақпанда тұман күтіледі.

05 ақпанда Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

05 ақпанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екіпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 05 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 05 ақпанда тұман күтіледі.

05 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 05 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

05 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі.

05 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз 27 градус күтіледі. Талдықорған қ.: 05 ақпанда түнде қатты аяз 25-27 градус күтіледі.

05 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

adimage