«Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелген) 3-тармағының 10) тармақшасының, 6-тармағының екінші бөлігінің, 379-тармағының 13) тармақшасының, 2-қосымшасының 1-тармағының 1-бөлігінің және 2-тармағының; Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №546 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12463 болып тіркелген) 5-тармағының 9) тармақшасының және 22-тармағының қолданылуы 2026 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылсын», - деп көлік министрлігінің бұйрық жобасында айтылған.
Жоба авторларының түсіндіруінше, бұл шара 2026 жылғы 1 маусымға дейін қағаз тасығышта ресімделген жол парағын және техникалық рұқсат етілген максималды салмағы 3,5 (үш жарым) асатын жүк автокөлік құралына қағаз тасығышта тауар-көлік жүк құжатын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде міндетті тіркеу жөніндегі нормаларды тоқтата тұруға бағытталған.
Жобаның мақсаты - көлік құжаттарын басқарудың біріңғай жүйесін жетілдіру болып табылады.
Фото көзі: pixabay.com