Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР басым бөлімінда қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында бұрқасын тұрып, жел күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Түнде Алматының шығысында, күндіз солтүстік-шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 30 м/с және одан жоғары күшті жел тұрады», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады, жаяу сырма соғады. Көктайғақ. Оңтүстік- батыстан түнде 9-14, күндіз екпіні 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -5-7.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кейде тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз 0+2.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңггісін тұман түседі. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +4+6.
Ақмола облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -12-17, күндіз -4-9.
Ұлытау облысында солтүстігінде қар жауады. Түнде -12-17 және күндіз ауа температурасы -6-11.
Қарағанды облысында түнде солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде қар жауады. Түнде -9-14 және күндіз ауа температурасы -4-9.
Батыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -15-20 және күндіз -6-11.
Атырау облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -10-15, күндіз -2-7.
Маңғыстау облысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -5-10, күндіз -2-7.
Ақтөбе облысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -5-10, күндіз -3-8.
Қостанай облысында батысы мен солтүстігінде қар жауады. Түнде ауа температурасы -12-17, күндіз -8-13.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде барлық аумағында, күндіз солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -12-17, күндіз -5-10.
Павлодар облысында түнде барлық аумағында, күндіз солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар жауады. Түнде ауа температурасы -7-12, күндіз -3-8.
Абай облысында қар жауады. Түнде -5-10 және күндіз ауа температурасы 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз барлық аумағында қар жауады. Түнде -8-13 және күндіз ауа температурасы -2-7.
Қызылорда облысында солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Түркістан облысында түнде тауларында қар жауады. Күндіз +3+8, түнде -3-8.
Жамбыл облысында тауларында қар жауады. Күндіз -2+3, түнде -4-9.
Алматы облысында түнде оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ оңтүстік-шығысындағы тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Жетісу облысында түнде қар жауады, күндіз тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 3+2, түнде -5-10.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде судың ауытқуы байқалады. Жазықтықтағы өзендерде қысқы салқын сақталады", - деп ескертті синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауады деп күтілуде
