БҚО-ның бір ауданы субвенцияларға Т4 млрд-тан астам сұрауда

Орал. 27 ақпан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысының бір ауданы субвенцияларға Т4 млрд-тан астам сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Субвенция», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 687 771; 2025 жыл - 838 282; 2026 жыл - 838 282; 2027 жыл - 838 282; 2028 жыл - 838 282», - деп ауданның экономика және қаржы бөлімінің бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т4 040 899 000.

Мақсаты – әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру үшін төмен тұрған бюджеттерге аудандық бюджеттен бюджеттік субвенцияларын аударуды қамтамасыз ету болып табылады.

«Міндеттер: жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі және жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімдеріне сәйкес төмен тұрған бюджеттерге аудандық бюджеттен бюджеттік субвенцияларын толық көлемінде және уақтылы аудару: 2025 жыл – 100%, 2026 жыл -100%, 2027 жыл -100%», - деп жобада міндеттелген.

Айта кетсек, бюджеттік жобада «Субвенциялар» бағдарламасы Батыс Қазақстан облысының нақты қай ауданына екені жазылмаған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage