Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Азамат Жолманов Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Жолманов 2022 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды, бұған дейін ол мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры, одан бұрын Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалының директоры болған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.
Азамат Жолманов президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды
