Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – 2025 жылдан бастап «Air Astana» және «Air Cairo» әуекомпаниялары Алматы, Астана және Қостанайдан Вьетнам, Қытай және Египет бағыттары бойынша жаңа маршруттар ашыады, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа рейстер ашылады. ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде», - делінген хабарда.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.
«Көктемгі-жазғы маусымынан бастап "Air Cairo" әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.