Қазақстандықтар жаппай доллар мен еуро сатып алуда, 1 қарашадан кейбір аймақтарда электр энергиясы қымбаттайды және тағы басқа тақырыптар дайджесті

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандықтар жаппай доллар мен еуро сатып алуда, 1 қарашадан кейбір аймақтарда электр энергиясы қымбаттайды және тағы басқа тақырыптар дайджестін ҚазТАГ агенттігі ұсынады.

Татарстанда Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды

Татарстан астанасы Қазан қаласында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, Қазандағы ҚР бас консулы Ерлан Ысқақов, сондай-ақ Татарстан жазушылар одағының төрағасы Ркаил Зайдуллин, сондай-ақ қала тұрғындары мен қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілдері қатысты.

Аида Балаева Қазанда ескерткіштің ашылуы халықтар арасындағы достықтың, өзара түсіністік пен рухани туыстықтың үлгісі екенін айтты.

1 қарашадан бастап кейбір аймақтарда электр энергиясы қымбаттайды

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығына сәйкес электр энергиясының тарифтеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін Т8,05-тен Т8,27 дейін; екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – Т7,4-тен Т7,98 дейін; тоғызыншы топ («Астана-Энергия» АҚ) – Т8,49-дан Т9,28 дейін; 12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – Т6,05-тен Т7,87 дейін; 18-топ («Степногорск ЖЭО» ЖШС) – Т22,58-ден Т28,97 дейін; 28-топ («Жаңажол ГТП» ЖШС) – Т11,44-тен Т11,85 дейін; 39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) – Т13,79-дан Т15,09 дейін; 48-топ (ТНК «Қазхром» АҚ) – Т7,59-дан Т10,67 дейін.

Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді: кВт/сағ үшін Т43,92 тарифпен 56-топ; Т56,63 тарифпен 57-топ; Т26,08 тарифпен 58-топ; Т22,56 тарифпен 59-топ; 60-топ тарифі Т3,07.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

«Ерен еңбегі үшін»: Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградаға ие болды

Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаеваның ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік награда ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Республика күніне орай Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков президент жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін жақсы орындағаны үшін прокурорларға ведомстволық медальдар мен алғыс хаттар берілді.

Қазақстандықтар жаппай доллар мен еуро сатып алуда

Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте доллармен жасалған операциялар 1,5 есеге өсіп, Т169,5 млрд құраған, деп хабарлайды Turkistan.
Ең жоғары сұраныс Шымкент (Т52,07 млрд) пен Алматы (Т46,5 млрд) қаласында.

Рубльге деген сұраныс қазақстандықтарда төмендеген.

Ал ақша айырбастау пунктерінде еуромен жасалған операциялар екі есе, яғни Т1,2 млрд-тан Т2,9 млрд-қа өскен. Ең көбін Шымкент халқы сатып алған (Т1,9 млрд).

Фото көзі: pixabay.com


adimage