Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын жалпы қолдайды

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік Қазанда «Брикс плюс» саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысы «Брикс плюс» саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанда өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйледі», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Мемлекет басшысы БРИКС өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылатын көптеген елдер тәжіибе тұрғысынан қызығушылық танытатын халықаралық тартымдылықтың жаһандық орталығына айналатынын атап өтті.

«БРИКС даму үшін орасан зор әлеуетке ие және әртүрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіріп, ынтымақтастықты нығайтады, барлық қатысушылардың игілігі үшін бірлескен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады. БРИКС-тің ортақ гүлдену, өзара құрмет пен серіктестік қағидаттарына негізделген болашақты құру үшін ресурстары да, тәжірибесі де бар», - деді ол.

Қазақстан президентінің пікірінше, БРИКС-тің көпжақты күш-жігері ажырамас және әмбебап құрылым болып қала беретін БҰҰ қызметін үйлесімді түрде толықтыратыны сөзсіз.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген дипломатия мен диалог принциптері қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін БРИКС күнтәртібінің негізіне айналды. Біз Ресейдің өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту арқылы геосаяси шиеленісті азайтуға бағытталған Еуразияда тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті құру тұжырымдамасын жоғары бағалаймыз. Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік бастамасын қолдайды. Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын жалпы қолдайды», - деп атап өтті Тоқаев.


adimage