Қазақстанда Қырғызстанға бензинді заңсыз шығару схемасы анықталды

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінен.

«ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты», - делінген хабарда.

Қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті.
Тергеу ақпарыша, күдіктілер Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізген. 2023 жылдан бері «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан 2023-2024 жылдары 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.

Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздестіру жарияланды:
Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы, бұрын сотталмаған; Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы, бұрын сотталмаған; Сағындықов Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысының тумасы, бұрын сотталмаған. Оларға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

«Егер сізге іздестіріліп жатқан тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, келесі телефондарға хабарласуды сұраймыз: +7-727-279-20-86 – кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», - деп хабарлады ҚМА.

adimage