Астанада тағы екі көпфункционалды кешеннің құрылысына Т21,7 млрд жұмсамақ

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Астана қаласында тағы екі көпфункционалды кешеннің құрылысына Т21,7 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - тұрғын ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - «Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Ақан Сері және С189 көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан көпфункционалды кешеннің құрылысы (жобалық атауы) объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары; саны - бір; өлшем бірлік – жұмыс; жоспарлы сома - Т10 717 055 830,36», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 28 қазанда басталып, 12 қарашаға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, «Астана қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі тағы бір хабарландыруда жариялаған: «Астана қаласы, «Алматы» ауданы, М. Төлебаев көшесі маңы мекенжайында орналасқан көпфункционалды кешен салу» объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары, жоспарлы сомасы Т11 027 764 505,36.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 қазан мен 8 қараша аралығында өтеді.

Жалпы, екі хабарландыру бойынша жоспарлы сома Т21 744 820 335,72 құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін Астана қаласы, Нұра ауданы, Қ. Мұхамедханов және Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы маңы мекенжайында орналасқан көпфункционалды кешен салу жұмыстарына Т11,3 млрд жұмсауды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.

Фото көзі: pixabay.com


adimage