Атырау облысында жайылымдыққа су беру мәселесін шешуге бюджеттен Т1,2 млрд жуық сұрауда

Атырау. 18 қазан. ҚазТАГ – Атырау облысында жайылымдыққа су беру мәселесін шешуге бюджеттен Т1,2 млрд жуық сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 0; 2023 жыл - 0; 2024 жыл - 1 164 811; 2025 жыл - 0; 2026 жыл - 0», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т1 164 811 000.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, Индер ауданы бойынша «Казсушар» РМК-ы Атырау филиалының каналдарымен 2024 жылы жайылымдық жерлерді суландыруға барлығы 4 646 499,605 м3 су берілу жоспарлануда.

«Міндеттер: облыс аумағында төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage