Алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі», - делінген хабарда.

Сонымен қатар, Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай күтіледі.

adimage