Әсет Наурызбаев: Алматылықтар үшін газ қымбаттай береді

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Мемлекеттік органдардың алдына алматылық ЖЭС-2 газға ауыстыру туралы бірнеше рет міндет қойылған болатын, алайда жағдай өзгерген жоқ. Алматыға қажетті энергияны өндіру және көк түтінмен басу үшін көмір ескіше алыстан әкелінеді. ЖЭС шығарып жатқан «көк түтіннен» құтылу қанша тұратыны туралы танымал экономист, «KEGOK» экс-басшысы Әсет Наурызбаев ҚазТАГ ХАА берген сұхбатында айтып берді.

- Әсет, Алматы қаласының ауасын автомобильдер мен жылу электр станцияларының (ЖЭС) түтіні ластап отыр. Осы ретте алдымен ЖЭС-тің ауа тазалығына әсерін анықтап алсақ.

- ЖЭС зиянды заттарды ауаға шығарады: майда бөлшектер, көмір қышқыл газы, күкірт қышқылы, азот. Шығару көлемі туралы түрлі ақпарат бар, алайда жылына 33 мың тонна деп есептеу қалыптасып қалған. Автомобиль көбіне көмір қышқыл газын бөледі.

- Сіздің тобыңыз қаланың ауасын тазарту үшін не ұсынады?

- Біз алматылықтарға ЖЭС-2 бойынша жағдайдың екі нұсқасы бар екенін жеткізгіміз келеді. Біріншісі – бұл ЖЭС газға ауыстыру, бұл туралы Назарбаев (Нұрсұлтан, Қазақстанның бірінші президенті – ҚазТАГ) кезінде «Самұрық-Энергоға» дайындалсын деген болатын, алайда олай болмады.
Екіншісі – көмірді қатты отын ретінде қалдырып, газ түтіндерін тазарту бойынша станция салу.

- Әр нұсқаның «артықшылығы» мен «кемшілігі» қандай?

- Екі шешім де арзан емес. «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институтының бағалауынша станцияны газға ауыстыру 65 млн доллар тұрса, ал тазарту станциясын салу шамамен 200 млн долларды құрайтын болады.
Маңыздысы станцияға ненің отын болатынын шешу, себебі ағымдағы баға бойынша есептейтін болсақ, газдың құрамындағы сағатына бір киловатт энергия көмірмен салыстырғанда 2,6 есе қымбат тұрады. Сондықтан да, станцияны газға қалай ауыстырсақ, солай жылу мен электр жарығының тарифін көтеру туралы мәселе туындайтын болады.
Қала тұрғындары газды отын ретінде артық екенін түсіну керек. Себебі, ауаны тазарту станциясы салынғаннан кейін де ауаға зиянды заттарды шығару көлемі жылу электр станциясы газға ауыстырылған жағдайдағы көлемнен бәрібір екі есе артық болады. Алайда ауаны тазарту станциясы салынған жағдайда тариф отын ретінде көмір қалса өзгермейді, ал газға ауыстырылған жағдайда тариф міндетті түрде көтеріледі.

- Дегенмен де, шамамен тариф қандай болады?

- Тариф мынадай болады деп дәл қазір айту мүмкін емес. Бұл дұрыс есептеуге байланысты болады. Егер «саусақпен санайтын» болсақ электр энергияға деген тариф 4 теңгеден астам шамада қымбаттайды. Оның үстіне газдың азаматтар үшін қолжетімді екенін ескеру керек. Қазақстан арқылы көгілдір отынға бай Түркіменстаннан Қытайға газ тасымалданады.
Газ бағасын болжау өте қиын: Қытай экономикасы қарқынды өсіп келеді, газға деген сұраныс та артуда. Біз газдың азаюына байланысты оның бағасы да қымбаттайды деп күдіктеніп отырмыз.

- Алматылықтар үшін де қымбаттай ма?

- Ия, газ алматылықтар үшін де қымбаттай береді. Қазақстандық газ қоры соншалықты көп емес, оның үстіне ол ілеспе газ болып табылады. Ол да қымбат, себебі ілеспе газ көптеген операцияларды қажет етеді. Кептіру, қоспалардан тазарту керек және өзіндік құнын да арттыру қажет. Ал экспорттық тауар – газдың өзінің экспорттық құны бар, егер қазақстандық компаниялар экспортқа сатудан бас тартатын болса, өз ақшасын неге жоғалтып отырғанын түсінуі керек. Егер бұл мемлекеттік компания болса – онда біз мемлекеттік бюджеттен (2019 жылы қаңтар-сәуір аралығында қазақстандық экспорт құрылымында газдың үлесі ресми мәліметтер бойынша 5% жуық шамада болды) оның экспорт негізінде табуы мүмкін қаражатын алып отырмыз.

- Егер газға ауыстыру соншалықты қымбат болса, жаңа станцияны салу оңай емес пе?

- Ескі станцияны жаңғыртудан гөрі жаңа станция салудың барлық нұсқалары өте қымбат, тарифті де айтырлықтай көтеріп отыр. Сондықтан да дәл қазіргі жағдайда жаңа газ, не көмір станциясының құрылысы туралы айту мүмкін емес. Электр энергиясын төмендете отырып, жылу өндірісін сақтап қалу процесінде мағына бар. Бұл көмір қолданысын азайтады және сәйкесінше ауаға жалпы көмір қышқыл газының бөлінуін төмендетеді.
ЖЭС-3 – бұл бөлек мәселе. «Өтеген батыр» ауылындағы біздің ескі ЖЭС-тың жылу энергиясын өндіру бойынша жүктемесі аз, керісінше электр жарығын шамадан тыс көп өндіреді.

- Алматыға Қапшағай СЭС-тың электр жарығы жетпей ме?

- Бұл мағынасыз, біріншіден, бұл - ауаға зиянды заттарды шығару, екіншіден сол Екібастұздан келетін көмір, сол жерде шағылып, қалаға таза энергия ретінде жеткізілуі мүмкін. Не себепті біз осында электр энергиясын өндіріп отырғанымыз түсініксіз, оны біз Екібастұзда да жасай аламыз ғой. Оның үстіне көмірдің бағасы тасымалдау барысында қымбаттайды, баяғы баға бойынша жолдағы көмір шамамен 5 доллар болса, Алматыға дейін жеткізу үшін шамамен тағы 5 доллар қосылады.
Менің есептеуімше, ЖЭС-3 барынша жылу энергиясын өндіруге дайындау керек және электр жарығының өндірісін мүмкіндігінше азайту қажет. Әрине, бұл техникалық мәселе. Сараптама жасау керек, алайда электр жарығының өндірісін барынша азайтып, жылу өндіруге көшу міндетін қойған жөн.

- Бүгінде ЖЭС-3-тің Алматыны жылумен қамтамасыз етуде шамамен үлесі қандай?

- ЖЭС-3—тің Алматымен ешқандай байланысы жоқ, ол тек «Өтеген батыр» ауылын жылытып отыр. Бұл – жергілікті қазандық.

- Жауаптарыңызға рахмет!

ҚазТАГ ХАА анықтамасы:

«Алматы Электр Станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) «КазТрансГаз» АҚ-ның 2006 жылғы шешімінің негізінде құрылды. Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын шығарады. Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының тобына кіреді. «АлЭС» АҚ ұйымдастыру құрылымына 8 өндірістік бөлімше кіреді.

adimage