Барлық синтетикалық нашақорлардың 50%-ы Астана, Алматы және Алматы облысына тиесілі – ҚМА

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Барлық синтетикалық нашақорлардың 50%-ы Астана, Алматы және Алматы облысына тиесілі, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды. Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50% - дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҚМА нақтылағандай, ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізуде.
«Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті. Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды», - делінген хабарда.
Агенттік нақтылағандай, агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.
«Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды. Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады. Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды», - деп хабарлады ҚМА.
Ведомство есірткіні қолдану адам денсаулығына жағымсыз әсер ететінін тағы да еске салды.
«Есірткі пайдалану нәтижесінде жасөспірімдердің денсаулығына қауіп төнуі мумкін. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына, айналасына назар аударуды, интернет кеңістігінде көрген контентті, сатып алуларын, сондай-ақ оның карточкалық шоттарына қаражат түсу көздерін бақылауды сұраймыз. Есірткі құралдарын сатып алу және сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», - делінген агенттік хабарында.

Фото көзі: Ашық дерек көздерінен


adimage