Гүлнар Құрбанбаева: Денсаулық туралы кодекс темегі шегуге тыйым салмай, салауатты өмір салтын насихаттау керек

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Денсаулық сақтау – бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдары түрлі жаңашылдықтар мен рефомаларды басынан өткерген қоғамдық өмірдің бір саласы. Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі азаматтық қоғам тарапынан үлкен сынға ұшыраған жаңа редакциядағы Денсаулық туралы кодексті қоғамдық талқылауға ұсынды. Осы ретте, бұл құжатқа не жетіспейтіні және қандай дүниелер шамадан тыс көп екені туралы жұмыс тобының сарапшысы Гүлнар Құрбанбаевамен әңгімелескен едік.

- Гүлнар Төретайқызы, денсаулық туралы кодекстің жаңа редакциядағы нұсқасы – реформа үшін жасалған реформа емес пе? Себебі қоғамдық денсаулық сақтауды құруға кодекстің басым бөлігі арналған және ол қалыптасып та үлгерді.

- Мен бұны реформа демес едім. Бұл Конституциямен бізге кепілдендірілген «қоршаған орта мен адам өмірін, денсаулығын қамтамасыз етуге арналған кей мәселеде мемлекеттік реттеуді күшейту жүріп жатыр дер едім. Кодекс тап осы мәселелерге арналған. Келісесіз ғой, аты дардай.
Не себепті мұны реформа дей алмаймын? Себебі мұнда айтарлықтай өзгерістер жоқ. Расында да, қоғамдық денсаулық сақтау ведомство қызметінің бір бағыты немесе құрылымы ретінде жұмыс істеп келеді. Шешім қабылданды, қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша комитет құрылды және жұмыс істеуде. Сондықтанда мен кодекс жобасын денсаулық сақтау саласындағы басқаруды қатайтып жатқан құжат деп атап келемін.
Халықтың денсаулығын қорғау деген желеумен заңды жасақтаушылар денсаулық сақтау саласында немесе денсаулыққа әсер ететін салаларда жұмыс істеп жатқан - сауда, қоғамдық тамақтану, санаторийлер, курорттар және т.б. ұйымдарға үлкен талаптар қойып, тыйым салуда. Нақты өзгерістерді алып қарайтын болсақ талаптар мен тыйымдар көбейіп отыр.
Жақсы ма, жаман ба? Кей жағдайда мұндай реттеу өзін-өзі ақтайды. Жұқпайтын аурулардың саны артып келеді, қоғамдық тамақтану орнында астан уланып қалғандар көп, осы ретте мемлекет бұл ауру түрлерін азайту үшін нақты шараларды қолға алуы керек. Рас, тәуелсіздік жылдары тек осыменен айналысып келдік емес пе. Алайда шынайы бағалау керек: егер нәтижесінде ауруға шалдығу артып кетсе шыныменен қаражатты мақсатты жұмсадық па?
Әрине, бала өлімінің, баланы алдыру, жалпы темекі тартатындардың азайғанын жоққа шығара алмаймыз. Нақты статистика жоқ, алайда өзімнің түйсігіме сенетін болсам, ертеректе жастардың ортасында әр екіншісі темекі тартатын болса, бүгінде әр бесінші жас шылым шегеді. Бұл денсаулық сақтау саласындағы алдын алу шараларымен байланысты ма? Әлде бұл жалпы әлемдік тренд пе, темекі, алкоголь ішпеу сәнге айналған ба?
Кодекстегі кейбір талаптар тым қатал. Кедексте керісінше салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру шаралары болуы тиіс. Оның үстіне тыйым салынған дүниеге деген қызығушылық әрқашан артып тұрады. Елестетіп көріңізші жолда шлагбаум: адамдар оның астымен өтуге тырысады, себебі оны айналып өту ыңғайсыз.

- Қандай «тым қатал» талаптар туралы айтып отырсыз?

- Мемлекет мейрамханаларда темекі өніміне тыйым салуды көздеп отыр. Не болады? Келушілер темекілерін сыртта аулада шегетін болады, қалдығын кез келген жерге лақтыра салады және онымен дем алуды жалғастырады. Ол аздай мен темекі тартқым келсе, заңды түрде еш жерден сатып ала алмаймын. Бұл неге алып келеді? Көлеңкелі бизнеске. Сонда мемлекет бұдан не ұтады? Рас, жарты немесе бір пайыз адам темекіні тастайды. Алайда көлеңкелі бизнес, контрафакта, сапасы төмен шикізаттан жасалған өнімның таралуы арта түседі және бюджет түсімі азаяды.

- Заң бойынша қай жерде темекі тартуға болады және болмайды? Бұл мәселе өз шешімін әлі таппаған сияқты, себебі темекі тартатындардың әскері қай кезде өздеріне айыппұл салынатынын түсінбеуі де мүмкін.

-Кодексте арнайы бап бар, ол - «Темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу және тыйым салу» деп аталады,кодексте күнделікті қолданыстағы темекі мен оның баламаларына да тыйым салынған. Менің өзім көпжылдық тәжірибесі бар темекі тартатындардың қатарынанмын. Сонымен тыйымдарға оралсақ. Кодексте қоғамдық орыннан бастап жеке көлігіңізде де отырып темекі тарта алмайсыз, тыйым салынған, тек өзіңіздің үйіңізде есігіңізді жауып алып темекі тарта аласыз, оның өзінде балконға шығуға болмайды. Егер арнайы орындардың өзінде тыйым салатын болсақ бұл түсініксіз болады. Жалпы, темекі тартатындарды қудалаудың қажеті жоқ, ол да еліміздің бір азаматы, ол да жалпы ішкі өнімді өндірушілердің бірі. Темекі тарту үшін арнайы жағдай жасалуы керек – бұл қалыпты жағдай.
Бұл тұтынуға қатысты тыйымдар, темекіні тарату саласында да тыйымдар бар, олар тіптен көп десе де болады. Осы шаралардың әсері аз болады. Бұл тыйымдардың барлығы тығып сатуға, жемқорлыққа алып келеді. Бізде кімдер қадағалайды? Ішкі істер органдары – учаскелік полийцейлер, полицейлер, патрульдік қызметтер.

- Демек, тәртіп сақшыларының тәртіпті ұстап отыра алатынына сенбейсіз бе?
  
- Жағдай түсінікті ғой, аулаларды кезу басталады, нәтижесінде өзара келісе бастайды, жемқорлық арта түседі, дәл қазіргі жолдардағы жағдай орын алады.

- Сіз барлық тыйымдарды алып тастағанын қалайсыз ба?

- Жоқ. Қолданыстағы кодексте тыйымдар мен оны бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Таңертең және кешкі уақыттарда алкоголь сатуға, темекі мен алкогольді жасының жетпеуіне байланысты сатуға тыйым салынған, акциздер де көтеріліп келеді. Бүгінде көптеген дүниелер жасалып қойды, бұл тауарларға кез келген уақытта қол жекізе алмайсың. Егер осы салада бір талаптарды күшейту жүргізілетін болса жеке өз басым қарсы болмаймын.
Алайда адамдар көп болатын жерде жаппай тыйым салу бұл дұрыс емес. Бізге өзгелерден оқшауланған өзіміздің үш-төрт метрімізді беріңіздер. Бүкіл әлемнің әуежейларында, тіпті темекімен күрес бірінші жолда тұрған елдердің өзінде темекі тартуға арнайы орын берілген, ал бізде оған тыйым салғысы келеді.
Кодексте ынталандыру нормалары жетіспейді. Мысалы, егер азамат темекі мен алкоголь сатылмайтын кафе, мейрамхана немесе ойын-сауық орталығын салып жатса инвестициялық артықшылықтар, мемлекеттік тапсырыс бойынша жеңілдіктер қарастырылса, арнайы жүлде немесе сыйлықпен марапатталса жақсы болар еді. Осылайша бизнес не арқылы адам тартуға болатынын өзі шешетін еді. Бізде ондай жоқ, керісінше барлықтарың салауатты өмір салты үшін күресесіңдер деп міндеттейміз.
Горбачевтың тұсында болған алкогольға қарсы компанияны еске алыңыздаршы, дәрігерлердің өздері сол кезде сапасы төмен өнімге уланып қанша адамның ауруханаға түскенін, және ол нәрсе ұрпағына қалай әсер еткенін біледі.
Тыйым салатын болсақ ол ақылға қонымды болуы керек. Ұлттық экономика министрлігі болмайтын дүниелердің барлығына тыйым салу керек деген ұстанымды ұстанады, біз осының салдарынан экономикалық және әлеуметтік тұрғыда көп дүниелерді жоғалтып отырмыз. 1 млн адамға тыйым салып, оның ішінен 10-ы темекі тартуды тастаса бұл нәтиже емес. Біз болашақта дүниеге келген әр бала темекі мен алкогольдің не екенін білмеуі үшін күресуіміз қажет. Осы мақсатта млрд теңгелерді жұмсауға болады және жұмсау да керекпіз.
  
- «Миллиард теңгелер» деп қалдыңыз, кодекс жобасында қоғамдық денсаулық сақтауды қаржыландыру сомасы жазыла ма?

- Денсаулық туралы кодексте өзге де заңнамалық актілердегідей нақты сандар нормасы, қаржыландыру саласындағы міндеттемелер болмайды. Ол үшін бюджеттік кодекс аясындағы баршаға ортақ формула бар, нақты жылға арналған бюджет және оны сәйкесінше есептеу әдістемесі.
Кодексте денсаулықты қорғау бойынша тағы бір қор құру ұсынылып отыр. Бұл ұсынысты жасақтаушылардан басқа жұмыс тобындағы бірде бір адам қабылдамай отыр. Біздің есептеуімізше, СӨС насихаттау барлығымыздың, ҮЕҰ-лардың міндеті. Заң арқылы қосымша қор құру ол дұрыс емес.
Тұжырымдамаға сәйкес қорды мемлекет біздің, сіздің салық есебіңізден қаржыландырып отырады. Не үшін? «Зиянды» өнімді өндіретіндердің барлығы ұдайы көтеріліп отыратын акциздердің есебінен бюджетті онсыз да толтырып отыр емес пе, оның үстіне олар қарсылық танытып отырған жоқ. Егер көңіл бөлу керек болса, мен сапалы медицина мамандарын даярлауды баста назарға алар едім.

- Осы саладағы түйіні тарқамай отырған мәселелерді атап көрсетсеңіз?

-Бұл салада көңілге қонбайтын дүниелер көп, білім министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне қойылатын сұрақтар көп. Медициналық академияның студенттері қалай тест арқылы емтихан тапсырады. Бұл ақылға қонбайды. Олар тек макеттер немесе манекендермен емес, ұдайы науқастармен, тірі адамдармен жұмыс істейді. Оқуды бітірген маман адамға жақындауға қорыққан емес, ол не туралы айтылып жатқанын жақсы түсінетін. Енді макетпен емтихан тапсырады, бұл дұрыс емес.
Ол аздай біздің студенттер науқастармен сөйлесуді білмейді. Терапевт дәрігер ол психолог болуы керек, оның сөз саптауы сауатты, түсінікті болуы шарт. Ал біздің студенттер оны мүлдем білмейді.
Қоғамдық денсаулық сақтау – бұл алдын алу, нақты емдейтін салалар үшін қаржы мен уақытты босату, қолданыстағы әдісті жетілдіру. Осы мәселелер кодексте қозғалуы керек.
Мемлекет милиардтаған қаржы бөлуде. Бірақ мәселе қаржының бөлінуінде емес, оның қалай жұмсалып жатқанында, бұл қаржыға не сатып алынды, ол қалай жұмыс істеуде дегендей. Алайда кодекстен сіздер оны көре алмайсыздар.

- Сонда көруіміз керек пе?

- Тікелей көре алмайсыз, алайда әр талаптың, тыйымның не үшін қойылып жатқаны түсінікті болуы керек.

- Кодекс деген не?

-Қалай дұрыс болатыны жазылған қасаң нормативті акт.
Мәселен, көшеде қар жатыр делік, сәйкесінше актіде оны жинау керек деп жазылған. Қарды жинау үшін біз не үшін мұндай норма қабылданғанын түсінуіміз керек: қар көп жиналып қалғандықтан бізге кедергі келтіріп жатыр.
Заңдағы кез келген норма қасаң нормативті акт, онда ненің қандай жағдайда дұрыс болатыны жазылған. Кодекстің сыртында көптеген материалдар болуы керек, алайда олардың барлығы кодекстің ішінде нақты және түсінікті талаптар ретінде шоғырлануы тиіс.
  
- Кодекс сіз көтеріп отырған мәселелерді шеше ала ма?

- Менің ойымша шеше алады. Қызметті реттеу керек, дәрігер немесе меморганның қандай қызметті атқаруға міндетті екені көрсетілгені жөн. Рас, мемлекет тарапынан бақылау тым күшейтілген сияқты болуы мүмкін, алайда оның болғаны дұрыс. Сонда денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жатқандардың міндетіне не кіретіні түсінікті болады.
Ал, талаптарға келетін болсақ, мұнда асыра сілтеушілік бар, тағы да қайталап айтамын темекі мен алкоголь өнімдеріне жаппай тыйым салу мемлекет табысын азайтып қана қоймай, кантрафактінің көбеюіне, халықты сауықтыру саласында ешқандай оң динамиканың болмауына алып келеді.

- Жалпы, бастысы жұмыс тобының ұсынысы жасақтаушылар тарапынан қолдауға ие болуы. Денсаулық сақтау министрлігімен кері байланыс бар ма?

- Жұмыс тобына ғылым докторлары мен зерттеушілер ғана емес, қоғам белсенділері де енді. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің басшысылығымен бірнеше рет кездесіп өзіміздің ұсыныстарымызды білдірдік. Болашақта кодекс жобасы заң ретінде қабылданып, қол қойылған тұста біздің ұсыныстарымыз оның ішінде көрініс табар деп үміттеміз

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage