Дмитрий Котляр: шенеуніктердің кірісті жария еткісі келмейтіндері – жемқорлықпен күрестің «шынайылылығының» жарқын дәлелі

Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс қимылдың Ыстамбулдық жоспары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы есебі ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірқатар жайттар бойынша, жұмсағырақ айтқанда, ЭЫДҰ стандарына сай келмейтінін көрсетті.

Мұнда – сот және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың саяси құрамдастан тәуелсіздігі, мемқызметкерлердің кірісі туралы есеп бергісі келмейтіні, қоғам алдында сыбайлас жемқорлық туралы айтылғаны үшін қылмыстық тергеудің бары.
ЭЫДҰ желісінің Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес сарапшысы Дмитрий Котляр ҚР-да қабылданып жатқан шараларды сыбайлас жемқорлықпен толыққанды кешенді күресті қалыптастыра алмайтын жартылай шаралар деп атайды.

- Дмитрий, айтыңызшы, сіздің ойыңызша, тұжырымдамалық жоспарда қазақстандық ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа не жетпейді?

- Қыркүйектегі есеп – Ыстамбулдық іс-қимылдар жоспары аясында дайындалған ЭЫДҰ дайындаған төртінші есебі екенін атап өткім келеді. Және онда көптеген бағыт бойынша ілгерілеушіліктің бары айтылады. Жаңа заңдар қабылданған – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның жаңа редакциясы, «Ақпаратқа қол жетімділік туралы», сондай-ақ мемлекеттік қызметке реформа жасалуда.

Бірақ көбіне бұлар жартылай шаралар болып қалады. Атап айтсақ, заңдар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, олардың тиісті түрде қолданылмайтындары туралы да ақпар бар, қолда бар құралдар да тиімді қолданылмайды. Яғни Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар мен ережелер өте көп, бірақ олар көбіне толыққанды қолданылмайды.

- Ыстамбулдық іс-қимыл жоспары аясында ұсыныстардың орындалмауының негізгі себебі қандай?

- Барлығы ұсынысқа байланысты. Сот билігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның өзі бойынша ұсыныстар бар – олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Ғайбаттауды қылмыс деп танымау және пікірін білдіргені, журналистік зерттеу жүргізгені үшін қылмыстық санкцияларды жою бойынша ұсыныстар бар. Мұның саяси құрамдас бөлік екені түсінікті, ал осы жерде бұл ұсыныстарды толық орындауға саяси еркіндік жетпейді.

Дегенмен, бұларада да біз көріп отырмыз, белгілі бір алға жылжулар бар. Мәселен, осыған ұқсас қыркүйек есебі жасалып жатқан 2011 және 2014 жылдары сот реформасы бойынша, мүлде ештеме жасалмады. Ал қазір өте баяу болса да, дұрыс бағытта қозғалыс бар (Жоғары сот кеңесі құрылды), бірақ проблемалар бар.

Оған қоса бірқатар техникалық жайттар да бар. Мәселен, мемқызмет мәселесі бірнеша жылға созылуы мүмкін, бірақ ол басталды, ал оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеніні- объективті сәт.

- Сіздің жеке ойыңыз – егер солай деп айтуға келсе, ҚР-дағы сыбайлас жемқорлық фоны қаншалықты «тығыз»?

- Халықаралық зерттеу бойынша, мен көріп жүрген, Transparency International құрастыратын жемқорлықтың жаһандық барометрі бойынша, халықтың шамамен 30%-ның жемқорлық тәжірибесі бар болып шыққан. Соңғы жылдары бұл 10% азайды. Бірақ 20% да - өте жоғары көрсеткіш, және елдегі жемқорлық деңгейі жоғары деп айтуға болады.

Басқа елдердегідей, негізгі жемқорлық іс-әрекеттері азаматтар әкімшілік қызмет алу үшін меморгандарға барғанда орын алып жатады: полиция, білім саласы, денсаулық сақтау, анықтама алу кезінде. Басқаша айтқанда- тұрмыстық жемқорлық, оны жеңу қиынның қиыны. Біз қандай да бір ілгерілеушіліктің барын түсінеміз, мыслы, мемқызмет алуды оңтайландыру, оларды электронды формаға көшіру, мемлекет пен азамат арасындағы байланыс қысқарады, бірақ жалпы проблема шешілмейді, және тұрмыстық жемқорлық кеңінен тараған.

Сондай-ақ, мемсатып алу секілді салада да жемқорлық қаупі жоғары. Әсіресе ұлттық компаниядағы, ұлттық холдингтегі және басқа да квазимемлекеттік мекемелерде. Себебі ол жақта бақылау аз, бұл компаниялар рәсімдердің барлығын өз бетерінше реттейді, егер біз ұрланған қаржы туралы айтар болсақ, ондағы жемқорлық көлемі де тұрмыстық жемқорлыққа қарағанда жоғары.

-Мемсатыпалу бойынша электронды сауданы енгізгенмен, бұл саладағы жемқорлық төмендемей отыр. Неге?

- Шын мәнісінде электронды сату мемсатып алудың азғана бөлігіне қатысты, көптеген мемсатыпалулар бәсекелестік емес тәсілдермен жүзеге асырылады. Егер бұрын мемсатып алудың 50% -дай түрі тиісті заңнамамен реттелмесе, қазір олар заңға енгізілген, бірақ бір көзден жүргізілетін сатып алуларға жатқызылған. Және мұндай жемқорлық амалдарын жүзеге асыру өте оңай, себебі бәсекелестік жоқ, өзара бақылау жоқ, ашықтық жоқ. Егер электронды сатудың прогрессивті тәсілдерін енгізсек, бірақ бұл ретте мемсатып алудың бәсекелестік саласын жасанды түрде қыссақ та, бұл саладағы жемқорлықты азайтпайды.

Бастысы – бәсекелестік сатып алулар санын көбейту, мысалы, шетелдің қатысуын шектеуді алып тастау. Егер ресми түрде ондай тыйым болмаса, іс жүзінде шетелдік компаниялардың электронды санды қолы болуы тиіс, тисінше, ҚР-да тіркелген филиалы ашылу керек. Яғни ірі шетелдік компаниялар конкурсқа қатысу үшін ғана біздің елде компанияларын тіркегісі келмейді. Олар жеңе ме, жеңіле ме білмей тұрып, қаражат жұмсауға тиіс болады. Және мұндай ереже – ұлттық компаниялар мен жауапты мемлекеттік тұлғалар үшін тиімді, себебі олар осылайша бәсекелестікті азайтады және жемқорлық амалдарын бақылаусыз жүзеге асыру мүмкіндігін алады.
Ал көлемі бойынша квазимемлекеттік сала сатып алулары мембюджетпен парапар. Және ол жерде ернайы реттеу керек, мүмкін тіпті ақпаратты жариялап, рәсімнің ашық өтуін талап ететін арнайы заң да керек шығар. Осы мәселе шешілмейінше, мемсатып алу саласындағы жемқорлық дами береді.

- Қазақстанда көптеген жемқорлар өз әрекеттерінің кесірінен сотталып жатқандай көрінеді – ауыл әкімдерінен бастап экс-премьер-министрлерге дейін. Осындайлардың көп болуы- ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының оң нәтижесі ме? Әлде ЭЫДҰ оны жүзеге асырудан басқа нәтиже күте ме?

- Ұсталған және сотталған шенеуніктердің көбі – атап өтуге тұрарлық оң жайттар. Есептің алдыңғы раундтарында ұсыныстар берілді: жемқорлықпен күрестің нақты көрсеткіші заңдардың қабылдануы емес, орын алған істер бойынша қылмыстық тергеулер мен санкциялар саны. Бұл қарқын өте жақсы, және біз оны есепте атап өттік. Әсіресе, жауапқа тек мемқызметкерлердің төменгі буыны ғана емес, министрелер орынбасарлары тіпті премьер-министрлердің тартылып жатқаны. Бұл жемқорлықтың жазаланатынына дұрыс белгі береді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Алдын алуға қатысты бөлік бар, және жазалауға қатысты бөлік бар. Егер бөліктердің бірі жұмыс жасамаса, онда жүйе де тиімді емес. Қылмыстық тексеруге жұмсалған күш-жігер өз жемісін берді.

Десек те, бұл шаралардың қаншалықты іріктеуші екеніне, олардың қаншалықты жалпы амал екеніне, мұнда қандай да бір саяси құрамдас бар-жоғына қарау керек. Дәл сол саяси тұрғыдан тәуелді квазимемлекеттік салада біз нақты бір қылмыстық тексерулерді көрмейміз, және бұл сұрақ туындатады. Жемқорларды іздестіру саяси мақсаттан туындаған емес, ол жүйелі және жүзеге асырылатын тәжірибе болуы керек.

- Сізде есепте қазақстандық сот органдарының, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тәуелсіздігіне күмән келтірілген. Ал ЭЫДҰ-да бұл құрылымдардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсіндіреді және бұл бағытта Қазақстанға не жасау керек?

- Тәуелсіздіктің көптеген аспектілері бар. Атап айтсақ, бұл институционалды тәуелсіздік, бұл ол органдарды кімнің құрғаны, басшылықты кім таңдайды және оны кім шығара алады, қызметкерлер қалай жұмысқа алынады, органды кім қаржыландырады деген секілді. Осы жайттардың барлығы бойынша соттарға да, агенттіке де, ұлттық бюроға да қатысты ескертулер бар.

Мәселен, ұлттық бюроға келсек: егер ол Мемқызмет істері жөніндегі агенттік құрамына кіретін және орындаушы органға бағынышты болса – бұл проблема. Сондай-ақ, ұлттық бюро басшысын тағайындауға да мықты саяси ықпал көрсетіледі.

Ал Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке келсек, соңғы бірнеше жылда ол министрлікте бірқатар трансформациядан өтті және керісінше, бұл да тәуелсіздігіне оң әсер ете алмайды. Мемқызметкерлердің аттестациясы әдеттегі іс-қимыл аясынан шығып кетеді - бұл саяси мақсаттағы және оның тәуелсіздігіне кесірін тигізетін бір реттік акция, себебі ол тұрақты қызметті қамтамасыз етпейді және жұмыстан шығарылмайтындарына кепілдік бермейді.

Соттарға қатысты президент пен парламенттің соттардың жоғары кеңесін қалыптастыру мәселесі тұр - бұл саяси органдардың судьялар корпусының қалыптасу процесіне, олардың қызметі мен тәртіптік жауапкершілігіне ықпал ету. Сондай-ақ судьяларға прокурорлар да қатты ықпал етеді – бұл ақтау үкімдері санының аздығынан көрініп тұр. Сонымен қатар, прокурорлар істі алып тастау және үкімдердің заңдылығын тексеру құзыреті қалып отыр, бұл да демократиялық стандратқа, билік тармақтарын бөлу қағидасына қарама қайшы және сот билігінің тәуелсіздігін шектейді.

Осы проблемалар кешенін бірден шешу өте қиын. Бірақ қажет, себебі сот билігінсіз жемқорлықпен нақты күрес жүрмейді, себебі ақырғы шешім сотта қабылданады.

-Есепте мемқызметкердің, соттардың, прокурорлардың «парасаттылығы» бірнеше рет еске салынды. Ал Қазақстанда түрлі ранг басшылары парасаттылықты өз қызметкерлерінің жалақы деңгейімен байланыстырады: яғни оны 70-90 мың жалақы көлемінде «алып қалудан» қалай сақтандыруға болады дегендей... Парасаттылықты басқша білдіру жолдары бар ма? Жемқор, бірақ сөйте тұра сыйлы және әлеуметтік тұрғыдан жолы болған шенеунік бейнесін «бұзуға» бола ма?

- Лайықты жалақы – шенеуніктің парасаттылығын қамтамасыз етудің салмақты талабы, тек жалғыз емес. Жемқорлықпен сәтті күресу үшін және мен де мұны бір рет еске салған жоқпын, шаралар жүйесі керек, оның екі үлкен құрамдасы - превенция және жаза.

Сонымен, превенция – бұл жоғары жалақы, ол жемқорлық тәжірибесін шектейді. Егер, жалақы өте аз болса, және ол өзі мен отбасының қажеттіліктерін өтеуге жетпесе, және бұл ретте пара алуға немесе жымқыру мүмкіндігі болып тұрса, ондай қауіптің жоғары болатыны түсінікті. Егер жалақысы лайықты болса, бірақ шенеуніктің заңға қайшы амалдар арқылы осындай жалақыны бірнеше есе ала алатындай мүмкіндігі болса да ол әрекетке көшеді. Мен қазір іске асырылатын бақылау туралы айтып тұрмын: лайықты жалақы мен бақылау болған жағдайда мүдделер балансы басқа жаққа түседі, яғни өз әрекеті үшін жазаланатынын сезінеді.

Алайда, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар жүргізгенде және жазаға басымдық берілсе (жарқын мысалы-Қытай, оларда өлім жазасына дейін жазалау бар), бірақ жемқорлық қала берсе, жазалау арқылы проблеманы шешуге болмайды, шаралар жүйесі болу керек. Және бұл жүйеге жалақы көлемі ғана емес, этикалық кодекстің бар болуы, басқа да жұмсақ құралдар – мемқызметкерлерді оқыту, түрлі тәсілдермен ынталандыру, бағалау жүйесі, яғни жұмыс жасағанына қарай қызметкерді жоғарылату, яғни тиімділіктің нақты көрсеткіштері.

- Біздің тағы да бір «таныс таңбамыз» - қазақстандық шенуніктер өз кірістерін жариялауға ниет білдіре бермейді, әркез оны жасамас үшін жаңа бір сылтаулар ойлап табады. Бұл немен байланысты? Осындай әрекет ЭЫДҰ стандарттарына қаншалықты сәйкес келмейді?

- Қоғамның шенеуніктердің кірісі, мүлкі және шығындары туралы білуі – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты құрал. Егер мемқызметші өзінің және отбасы мүшелерінің қаржылық жағдайы құзырлы органдар мен қоғам тарапынан ашық екенін білсе, ол өзінің ұсталып қалу қаупінің жоғары екенін түсінеді. Егер басқа құралдар болса- жоғары жалақы және жүзеге асырылатын санкциялар, онда оның парасатты болу мүмкіндігі жоғары.

Біз барлық елге мемқызметкерлердің сыйлықтар, гонорарлар, лотореядағы ұтыстарын қоса алғанда барлық кірісін ғана емес, салық салынбайтын шығындарын да мағлұмдауды енгізуді ұсынып жатырмыз. Және бұл ақпрарат қол жетімді болу керек – бұл қалыптасқан халықаралық стандарт.

Қазақстанға да соны ұсынамыз, бірақ мұнда, өкінішке орай, алға ілгерілеушілік жоқ, әркез жаңа сылтаулар пайда болып, мағлұмдау жүйесін қолданысқа енгізу мерзімі кейінге қалдырылып келе жатқанын көріп отырмыз. Басты себеп бұл саяси ниеттің болмауы екені түсінікті, себебі техникалық тұрғыдан оны әлдеқашан жасап тастауға болар еді. Және бұл жемқорлықпен жүргізіліп жатқан күрестің қаншалықты шынайы екенінің жақсы көрсеткіші, себебі тек жалғыз осы құрал арқылы ғана жағдайға ықпал етуге болар еді. Ешкім бұл бақылауды заңды еткісі келмейді - ол оның қолайлы еместігінен және жеке өмірге араласады-мыс дегеннен емес. Жасыратындары бар, алынған заттардың барлығының заңды табысына алынғандығын түсіндіріп бере алмайтындығынан болып тұрғандықтан шығар, және ондай ақпаратты жарияламаған оңай.

Бізге көптеген жоғары шенді шенеуніктердің өздерінің салықтық декларацияларын өз еріктерімен жариялайтындарын айтқанмен, ол да – жақсы қарқын, ол ондай ақпараттың қоғамдық маңызы барын және қоғамдық жауапкершілік жеке өмірді қорғау мүддесінен басым екенін білдіреді.

- Айтпақшы, қоғам бақылауы, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тартылуы – бұл аспект Қазақстанда қаншалықты дамыған?

- Бұл аспект шын мәнінде дамымаған, оған себеп те бар. Қазақстанда заң деңгейінде медианың, қоғамдық ұйымдардың қызметі өте шектеулі: түрлі ақпарларды таратқаны, сынағаны, айыптағаны және т.б. үшін түрлі жауапкершілік бар. Яғни егер сіз белсенді түрде зерттеп, жемқорлық туралы жария ететін болсаңыз онда жауапқа тартылатыныңыз туралы мемлекет белгі береді.
Әлбетте бұл азаматтардың, ҮЕҰ, БАҚ белсенділігін шектейді – осылайша қоғамдық бақылау жойылады, нақты санкцияларға тап болады, Ол айта кетейік, сіздерде іс жүзінде қолданылып та жүр. Біз мұны есепте атап өттік: егер мемлекет азаматтық қоғам ресурсын қолданатын болса, сонда ғана барлық жемқорлық амалдарды анықтауға болады. Бір сөзбен айтқанда бұл мәселеде мемлекет саясатын тамырымен өзгерту керек.

- Сұхбатыңызға рақмет!

ҚазТАГ анықтамасы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ыстамбулдық іс-қимылдар жоспары (ЫІЖ)– өзара бақылаудың субөңірлік бағдарламасы, оны 2003 жылы ЭЫДҰ бастаған. ЫІЖ Әзірбайжандағы, Армениядағы, Грузиядағы, Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Монғолиядағы, Тәжікстандағы, Өзбекстандағы және Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды шолу және жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясын орындалуын қолдайтын ұсыныстарды жүзеге асыруға елдердің күш салуына үздіксіз мониторинг жасау арқылы қолдайды.

adimage