«Жезқазған – Петропавл автожолында Қызылжар ауданының Семипалатное және Рассвет ауылдары арасында таңғы уақытта Toyota автокөлігінің алдында жолда бір топ қой күтпеген жерден пайда болды»,- делінген хабарламада.
Жүргізуші, облыс аудандарының бірінің тұрғыны малды абайсызда соғып кетті. Апат салдарынан 8 қой өлді, көлікке механикалық зақым келді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
«ЖКО тудырған жануарлардың иесіне қатысты үй жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін хаттама жасалды», – деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Фото көзі: Polisia.kz