«14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында жауынгерлік дайындық бойынша далалық оқу-жаттығу кезінде қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Қ. оқ жарақатынан қаза тапты. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлайды Құрлық әскерлері баспасөз қызметі.
Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жүр.
"Сарбаз әскери қызмет кезінде өзін оң жағынан көрсете білді. Әскери бөлім қолбасшылығына қандайда бір арыз, шағым айтқан емес. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындады. Ата-ана мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине жақсы түсінеміз, олардың қайғыларына ортақпыз. Әр командир үшін де жауынгердің қазасы қайғы болып табылады", - делінген ресми хабарламада.
Фото көзі: Фото из открытых источников.