Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«27 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 27 желтоқсанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.

27 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

27 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Түркістан қ.: 27 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Орал қ.: 27 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.

27 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

27 желтоқсанда Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 27 желтоқсанда тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 27 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

27 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысында солтүстігінде жолдардағы көктайғақ күтіледі.

27-29 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 27 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, 28-29 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 27-29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 27 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының қар күтіледі. Күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 27 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

26 желтоқсанның сағат 20.00-ден 27 желтоқсанның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

adimage