«Тапсырыс беруші – «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции систем водоснабжения/водопровода («сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - БҚО, Орал қаласы, жер асты су құбырының V көтергіш сорғы станциясынан С-Шығыс шағын ауданының су құбыры камерасына дейін және Солтүстік-Шығыс камерасынан СТҚ дейін Д 1000 мм суағарды реконструкциялау; саны - бір; өлшем бірлік – жұмыс; жоспарлы сома - Т8 349 718 941», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жылдың 6 қаңтарында басталып, 22 қаңтарға дейін жалғасатын болады.
«Материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы. Орындалған жұмыстардың актілерін нақты орындалған жұмыс көлемі үшін айдың 20-шы күнінен кешіктірмей беру. Жұмыстар ЖСҚ сәйкес орындалуы қажет», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: pixabay.com