Үкімет құны Т14 трлн-нан асатын ірі жобалардың тізбесін растады

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Үкімет құны Т14 трлн-нан асатын ірі жобалардың тізбесін растады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында үкіметке басым бағыттарда, оның ішінде металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, машина жасау, автокомпоненттер мен тыңайтқыштар шығару, туризм саласы және тағы басқа жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған кемінде 15 ірі жобаның тізбесін бекіту міндеттелген», - деп мәлімдеді премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына жауап бере отырып.

Премьердің айтуынша, үкімет мынадай жобалардың тізбесін жасады:

1) металлургиялық кластер (Павлодар облысы), «Mineral Product International» ЖШС, инвестиция көлемі – $228,5 млн, 526 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;

2) ыстықтай брикеттелген темір өндіру зауыты (Қостанай облысы), «ССКӨБ» АҚ (ERG), инвестиция көлемі – $1 млрд, 500 жұмыс орнын құрыу, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;

3) Qarmet зауытын жаңғырту (Қарағанды облысы), «Qazaqstan Steel Group» ЖШС, инвестиция көлемі – $3,5 млрд, аяқтау мерзімі – 2028 жыл;

4) мыс балқыту зауыты (Абай облысы), «KAZ Minerals Smelting»/NFC» ЖШС, инвестиция көлемі – $1,3 млрд доллар, 1083 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;

5) «Ертіс» құрамында алтыны бар жоғары көміртекті сульфидті концентраттарды қайта өңдеу жөніндегі гидрометаллургиялық комбинат, Polymetal International plc., инвестиция көлемі – $654,5 млн, 500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;

6) бутадиен және оның туындыларын шығаратын зауыт (Атырау облысы), «Бутадиен» ЖШС, инвестиция көлемі – $900 млн, 750 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;

7) полиэтилентерефталат өндіретін зауыт (Атырау облысы), «KMG PetroChem» ЖШС, инвестиция көлемі – $1,5 млрд, 800 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2029 жыл;

8) Интеграцияланған газ-химия кешені – газ сепарациялық кешеннің құрылысы бойынша жобан ы іске асырумен екінші кезең (полиэтилен) (Атырау облысы), «Силлено» ЖШС/«KMG PetroChem» ЖШС, инвестиция көлемі – $9,7 млрд, 938 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2029 жыл;

9) Шымкент МӨЗ-нің 2-ші кезегін салу (Шымкент қ.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, инвестиция көлемі – $5 млрд, 1200 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2030 жыл;

10) аммиак және карбамид өндіретін зауыт (Маңғыстау облысы), «КазАзот Prime» ЖШС, инвестиция көлемі – $1,5 млрд, 700 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;

11) калий тұздарын өндіретін байыту-өндірістік кешені (Батыс Қазақстан облысы), «Qazaq Kalium Ltd» ЖК, инвестициялар көлемі: 1-кезең – $1,25 млрд, 2-кезең – $1 млрд, 3-кезең – $1 млрд, 4900 жұмыс орнын құру, бірінші кезеңді іске қосу мерзімі – 2027 жыл, екінші кезең – 2030 жыл, үшінші кезең – 2035 жыл;

12) KIA автомобильдерін шығаратын зауыт (Қостанай облысы), «KIA Qazaqstan» ЖШС, инвестиция көлемі – $191,5 млн, 1500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2025 жыл;

13) Қытай автомобильдерінің шығаратын мультибрендті зауыт (Алматы қ.), «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС, инвестиция көлемі – $387 млн, 3600 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2025 жыл;

14) көпфункционалды туристік аудан (Астана қ.), «Ellington Group Kaz Ltd.», инвестиция көлемі – $412 млн, 2000 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;

15) Ақтау қ. «жылы жағажайды» кешенді дамыту (Маңғыстау облысы), Bazis-A, BI Group, FTG Group (Sembol) Tethys Aktau, инвестиция көлемі – $292 млн, 5000 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;

16) бидай мен бұршақты терең өңдейтін интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен (Астана қ.), Tiryaki Agro (Түркия)/Hassad Food (Қатар), инвестиция көлемі – $400 млн, 400 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;

17) бидай дәнін терең өңдеу зауыты (Қостанай облысы), «Qostanai Grain Industry» ЖШС, инвестиция көлемі – $149 млн, 650 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2027 жыл.

Бектенов іріктеу кезінде орташа және жоғары деңгейде өңделген өнім шығару критерийлері, экспорт пен импортты алмастыруға бағдарлану, нарықтағы сұраныс, стратегиялық маңыздылығы ескерілгенін атап өтті.

«Жобалардың жалпы құны Т14 трлн-нан асады, қаржыландыру көздері – жеке инвестициялар және қарыз қаражаты. Бұл ретте республикалық бюджеттен қаржыландыру жобалардың әзірлігіне қарай тек қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу үшін ғана қаралатын болады», - дейді үкімет басшысы.

Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 24 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, экспорт Т6 трлн-нан астам сомаға артады, импортты алмастыру жыл сайын Т1,5 трлн-нан асады.

Айта кетсек, мәжіліс депутаттары үкіметке жолдаған сауалында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, инвестиция көлемі Т15 трлн-нан асатын ірі жобалар мен оларды жүзеге асыратын компаниялардың тізбесін растауды немесе теріске шығаруды сұраған болатын.

Фото көзі: malim.kz


adimage