Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы – Айдос Үкібай Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Отандық бірқатар ақпарат құралының журналистеріне Сара Алпысқызына қатысты сауалдарына былай деп жауап беремін: Интернетте оның қазасы туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады жұма күні Үкібай.

Жақында 83 жасқа келген Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы хабар тараған болатын.

adimage