Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуі ҚР басым бөлігінде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етедді, солтүстік өңірлерде – қар, ҚР оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы аудандарда қалың жауын-шашын түседі. Республика бойынша жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, жаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-18 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -6-8.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -2-4, күндіз +3+5.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -1+1, күндіз +5+7.
Ақмола облысында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -6-11 және түнде -8-13.
Ұлытау облысында түнде батысы мен солтүстігінде, орталығында, күндіз барлық аумағында қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12 және күндіз -1-6.
Қарағанды облысында түнде батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде, күндіз барлық аумағында қар жауады. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -4-9.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Атырау облысында түнде оңтүстігі мен шығысында қар жауады, күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2-7 және күндіз -3+2.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0-5 және күндіз 0+5.
Ақтөбе облысында түнде қар жауады. Түнде және күндіз -10-15.
Қостанай облысында түнде барлық аумағында, күндіз шығысы мен оңтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -9-14, күндіз -5-10.
Павлодар облысында ертеңгісін және күндіз қар жауады. Ауа температурасы түнде -8-13, күндіз -3-8.
Абай облысында түнде солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында қар жауады, күндіз солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -4-9, күндіз -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз -4+1, түнде -3-8.
Қызылорда облысында солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -3-8, күндіз -3+2.
Түркістан облысында тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2+3, күндіз +4+9.
Жамбыл облысында тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Алматы облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз +1+6.
Жетісу облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -10-15, күндіз +3+8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда алдағы үш күнде тұман және желдің күшеюі күтілуде
5 Ақпан 2025, 14:12 -
Орал қаласын санитарлық тазалауға Т2,7 млрд-қа жуық жұмсамақ
5 Ақпан 2025, 11:34