Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 17 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген хабарда.
17 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
17 қаңтарда түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Атырау қ.: 17 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
17 қаңтарда түнде Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 17 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі.
17 қаңтарда таңертең және күндіз Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі.
17 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 17 қаңтарда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.
17 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
17 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
17 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
17 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 17 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
17 қаңтарда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.
17 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 17 қаңтарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 17 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.
Астана қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда алдағы үш күнде тұман және желдің күшеюі күтілуде
5 Ақпан 2025, 14:12 -
Орал қаласын санитарлық тазалауға Т2,7 млрд-қа жуық жұмсамақ
5 Ақпан 2025, 11:34