Қытайда коронавирустен ажал құшқандар саны 1665-ке жетті

Алматы. 17 ақпан. ҚазТАГ - Қытайда коронавирустен ажал құшқандар саны 1665-ке жетті, деп хабарлады ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінен.
Соңғы тәулікте Қытайда бұл аурудан 142 адам көз жұмды, бұл ретте бұған дейін вирус жұқтырғандардың 1323-і емделіп шықты. ҚХР-да коронавирустен қаза тапқандар саны 16 ақпандағы жағдай бойынша 1665-ке дейін өсті, барлығы 9419 адам емделіп шықты. Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 68 мыңнан артты.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 66 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 1523, 7,8 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.

adimage