ҚТЖ филиалы Шалқар жол дистанциясының экс басшысына пара алғаны үшін Т36 млн айыппұл салынды

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – «ҚТЖ» АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бұрынғы басшысы А.Каракушиковке пара алғаны үшін Т36 млн айыппұл салынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«21 қарашада Шалқар аудандық сотының үкімімен аталмыш тұлға пара алғаны үшін айыпты деп танылып, Т36 млн сома көлемінде айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Іс материалы бойынша бұрынғы темір жол шенеунігі баласын жұмысқа орналастыру үшін азаматтан Т1,2 млн көлемінде пара алған.

adimage