Астана.3 қазан.ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.
«Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды»,- деп нақтылады Ақорда.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
1 Қаңтар 2025, 00:51 -
Қазақстан синоптиктері 2025 жылғы қаңтар айына ауа райы болжамын ұсынды
31 Желтоқсан 2024, 16:11 -
Көкшетау полицейі әлеуметтік желідегі пікірлері үшін қудалауға ұшырағанын айтты
31 Желтоқсан 2024, 16:01 -
Астанада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс жасайды
31 Желтоқсан 2024, 15:30