«Taraz Tour» мобильдік қосымшасына толықтырулар енгізу үшін Жамбыл облысының әкімдігі Т15 млн төлемек

Тараз. 26 қазан. ҚазТАГ – «Taraz Tour» мобильдік қосымшасына толықтырулар енгізу үшін Жамбыл облысының әкімдігі Т15 млн төлемек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы" КММ; атауы – Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы – Бағдарламалық қамтамасыз етуді тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес өзгерту (жаңарту) бойынша қызметтер; жоспарлы сомасы – Т15 млн», - делінген 23 қазанда мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лот сипаттамасында.
Сипаттамасында сондай-ақ, «Taraz Tour» мобильдік қосымшасына толықтырулар енгізу бойынша қызметтер деп көрсетілген.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталған және ол 30 қазанда сағат 16.30-да аяқталады.
«Мобильді қосымша "кеңейтілген шындық платформасын" және QR-код оқырманын пайдалануы керек. Мобильді қосымшаның негізгі мақсатты аудиториясы-отандық және шетелдік туристер», - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.
Атап өтелік, Google Play сервисінің парақшасында аталмыш қосымшаға қатысты арыз-шағымдар бар. Қолданушылар қосымшаның «жоғалып кететініне», тілін таңдаған кезде де көрінбей қалатынына, сондай-ақ өңірдің кейбір туристік белігілі жерлерін көрсету кезінде де «тоқтап қалатынына» шағымданған болатын.

adimage