Түркістан облысының прокуроры ауысты

Түркістан. 20 ақпан. ҚазТАГ - Түркістан облысының прокуроры ауысты, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Марат Тлеуқабылұлы Әлиханов тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Әлиханов 2012 жылдың қазанынан бастап Ақмола облысы бойынша ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттік департаментінің бастығы қызметін атқарған, 2014 жылдың қарашасынан бастап орынбасар болған, сосын ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары және 2016 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР бас көлік прокуроры болып тағайындалған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Марат Әлиханов Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

adimage