Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бес жылда Т747 млрд астам қаражат жұмсалуы мүмкін

   Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ – Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бес жылда Т747 млрд астам қаражат жұмсалуы мүмкін, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Электрондық үкіметті», инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 108 504 764; 2024 жыл - 112 357 330; 2025 жыл - 174 231 372; 2026 жыл - 174 103 250; 2027 жыл - 177 827 257», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома - Т747 023 973 000.
  Мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыру.
  «Міндеттер: бір терезеден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 2025 жылы - 96%, 2026 жылы - 97%, 2027 жылы - 98%», - деп бюджет жобасында жазылған.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage