Су тасқыны кезінде адамдардың жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

    Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ- Алена Субботина. Су тасқыны кезінде адамдардың жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
   «Атырау облысында 4 адам суға батып кеткен. Түркістан облысында кішкентай бала суға кеткен. Абай ауданында екі адам із-түссіз жоғалып кеткен, іздестіру жұмыстары жалғасуда. Барлық осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, қазір тергеу қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр»,- деді Қожаев бейсенбі күнгі хабарламада.
   Оның айтуынша, оқиғаның қалай болғаны, себептері, жағдайлары және бұл оқиғаға біреудің кінәсі бар-жоғы анықталатын болады.

Фото көзі: пресс-служба МЧС РК


adimage