Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына Т4 млрд жұмсауға әзір

Талдықорған. 26 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысы Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына Т4 млрд жұмсауға әзір, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Тапсырыс беруші – "Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ; атауы – "Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, рулеждік жолын және тұрақтары бар перронын реконструкциялау. Құрылыстың 1-ші кезегі"; жоспарлы сомасы – Т3 969 782 398,53», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында 23 қазанда орналасқан лот сипаттамасында.  
Бірінші жылы  - Т43 268 312,21, екінші жылы -Т1 341 938 048,78 және үшінші жылы Т2 584 576 037,54 жұмсау жоспарланған.
Конкурсқа қатысу үшін алдын-ала өтінім қабылдау 20 қазанда сағат 12.25-те басталып, 14 қараша сағат 12.35-те аяқталады.  

adimage