Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Үш жылда қазақстандықтар жеңіп алған медаль саны төрт есе азайған, деп мәлім етті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
«Жобаның маңызды тұсы келесідей: басым спорт түрлері олардың әлемдік рейтингтері негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия ойындарында ұлттық құрама командаларының көрсеткен нәтижелері бойынша іріктелетін болады.. Қазір республика бойынша 180-нен астам спорт түрі дамытылып отыр. Спорт түрлерінің барлығы бойынша спорт резервін даярлау жүзеге асырылады. Бірақ, жыл сайын 13 жазғы және 5 қысқы олимпиадалық спорт түрінен медаль жеңіп алынады. Анықтама үшін: жеңіп алған медальдардың жалпы саны 2018 жылғы 370-тен 2020 жылы 105 медальға дейін төмендеген», - деді Мырзабосынов сәрсенбі күні мәжіліс отырысында дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер жобасының таныстырылымында.
Оның айтуынша, спорттағы көрсеткіштердің төмендеуі «спортшыларды даярлау жүйесіндегі жаттығудың бастапқы кезеңінен жоғары жетістіктер спортына дейінгі сәтсіздіктердің нәтижесі болып табылады».
"Осылайша, жылдан жылға біз уәкілетті орган ретінде БЖСМ және мектеп-интернаттар шығындарының өсуін байқап келеміз. Бұл ретте, олимпиадалық емес спорт түрлеріне дайындық шығындардың үлкен үлесін құрап отыр. Анықтама үшін: 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерін дамытуға 646 млрд теңге бөлінді, оның 72% – ы еліміз үшін сол спорт түрінің басымдығы мен маңыздылығын ескермей бөлінген ", - деді министр.
Ол заң жобасын әзірлеу кезінде жақын (Өзбекстан, Беларусь) және алыс шет елдердің (Ұлыбритания, Германия, Норвегия) халықаралық тәжірибесі зерделеніп, енгізілгенін атап өтті.
"Сондай-ақ спорт федерацияларының қызметі де өзгертілетін болады. Анықтама: қазіргі уақытта жергілікті, аймақтық және республикалық федерациялар жеке субъектілер болып табылады. Олар бір-біріне бағынбайды және сәйкесінше спорт түрін дамытудың тәуелсіз саясатын жүргізеді. Мұның бәрі мүдделер қақтығысына, жауапкершіліктің бұлыңғырлануына және спорт түрлерін дамытудың "тежелуіне" әкеледі", - деп атап өтті туризм және спорт министрлігінің басшысы.
Министр атап өткендей, ұсынылған модель жергілікті федерацияларды – республикалық (өңірлік) аккредиттелген спорт федерацияларына бағынуды көздейді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
1 Қаңтар 2025, 00:51 -
Қазақстан синоптиктері 2025 жылғы қаңтар айына ауа райы болжамын ұсынды
31 Желтоқсан 2024, 16:11 -
Көкшетау полицейі әлеуметтік желідегі пікірлері үшін қудалауға ұшырағанын айтты
31 Желтоқсан 2024, 16:01 -
Астанада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс жасайды
31 Желтоқсан 2024, 15:30