Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі. Қостанай қ: күндіз 21 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде жарияланған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«21 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршак. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Өскемен қ.: 21 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 21 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді», - деді «Қазгидрометте».
21, 22 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с, 21, 22 мамырда күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Тараз қ.: 21, 22 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. 22 мамырда күндіз кей уақытта назағай, бұршақ болуы ықтимал. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage