Сенбі күні Астана мен Шымкентте найзағай ойнап, Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болады

    Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ- Сенбі күні Астана мен Шымкентте найзағай ойнап, Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   Астанада күн құбылмалы. Таңертең жане күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +18,+20.
   Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +23+25.
   Шымкентте күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13+15, түнде +22+24.

Фото көзі: pixabay


adimage