Сегіз жасар қазақстандық FIDE халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Сегіз жасар қазақстандық Дилайла Сәдуақасова FIDE Халықаралық шахмат федерациясы сыйлығының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстандық баспасөз клубы.
«Қазақстан өкілі, сегіз жасар Дилайла Сәдуақасова «Азия құрлығындағы біртуар инфлюенсер. Әлеуметтік желі жұлдызы» номинациясында жеңімпаз атанды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бүлдіршін қыз «Дилайламен бірге шахмат оқиғалары» («Шахматные истории с Дилайлой») атты керемет мәдени-ағартушылық жобаны жасағаны үшін марапатталды. Ол жобасында шахматтан әлем чемпиондары туралы әңгімелейді. Марапатталған әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала.
2022 жылды FIDE шахматтағы әйелдер жылы деп жариялады.

adimage