Сәтқалиев "АЭС салуға қатысты референдум өткізудің қажеті жоқ" деп хабар таратқан БАҚ-тан кешірімсұрауды талап етті

   Астана. 10 мамыр. ҚазТАГ- Алена Субботина. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өзіне сілтеме жасап, "АЭС салуға қатысты референдум өткізудің қажеті жоқ" деп хабар таратқан БАҚ-тан ресми кешірім сұрауды талап етті.
  «Бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Сәтқалиев референдум өткізудің қажеті жоқ деп айтты» деген ақпарат тарады. Бұл басылымдар ресми түрде кешірім сұрауы қажет деп санаймын. Өйткені мен «заңнамаға сәйкес, референдум өткізудің қажеті жоқ» деген едім. Алайда халық өз пікірін білдіруі керек және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы болғандықтан, референдум өткіземіз деген шешім шығарылған. Маған сілтеме жасай отырып, жалған ақпарат таратқан басылымдар кешірім сұрап, ақпаратты терістеуі керек», – деді Сатқалиев жұма күні үкімет отырысында.
   Алайда министр қандай басылым жалған ақпарат таратқанын нақтыламады.
  «Қазіргі процедураларға сәйкес референдум қажет емес, дегенмен мемлекет басшысы референдум болатынын анық айтты. Біз бұл тапсырманы орындаймыз» ,- деді Сәтқалиев күні парламент отырысында.

Фото көзі: bestnews.kz


adimage