«Тапсырыс беруші – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі; атауы - спорттық клубтардың қызмет көрсетулері; қосымша сипаттамасы - 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының атынан шайбалы хоккейден республикалық және халықаралық жарыстарға хоккей бойынша командаларды дайындау және қатысу жөніндегі қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т964 470 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 22 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтеді.
«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының атынан республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккейден құрама команда мүшелерін даярлау, қатысу жөніндегі қызметтер. ҚР және одан тыс жерлерде өткізілетін шайбалы хоккейден жарыстарға (чемпионаттарға, турнирлерге, біріншіліктерге және т. б.) ойындардың күнтізбелеріне сәйкес қатысуды қамтамасыз ету: 1) жастар командалары арасында шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты - JASTAR hokei LIGASY 2025 ж., 2026 ж., 2027 ж., 2) жарыстар республикалық және халықаралық деңгейде жастар командалары арасында өткізілетін шайбалы хоккейден (чемпионаттар, турнирлер, біріншіліктер, ұтыс ойындары және т.б.). 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының атынан республикалық және халықаралық жарыстарға балалар-жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден құрама командалар мүшелерін даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз ету», - деп сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: pixabay.com