Астана. 7 қараша. ҚазТАГ- Ресей Қазақстанмен бірге бірлескен тарихшылар тобын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Ресей мен Қазақстанда біздің ортақ тарихи өткенімен және қазіргі тарихымен байланысты тақырыптар периодты түрде туындап отырады. Осы ретте, бірлескен тарихшылар тобын құру туралы оң келісімге қол жеткізілгенін атап өткім келеді», - деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында.
Министр мұндай қадамның екі елге де пайдалы екенін және қоғамның кей бөлігінде пайда болатын пікірталастарды бәсеңдетуге көмектесетінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл бастама өзара келісім негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар, министр Лавров Қазақстан мен Ресей арасында шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті.
«Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста мәселелер болмаса, онда қарым-қатынастың өзі де жоқ деген сөз. Кез келген екіжақты қарым-қатынаста күн тәртібі қаншалықты бай болса, соншалықты көп нақты шешімдерді қажет ететін мәселелер туындайды. Бізде Қазақстанмен, бізге дос әрі одақтас мемлекетпен қарым-қатынастар дәл осылай дамып келеді», - деді Лавров.
Қатысты сілтемелер
-
Ұлытауда 2025-2028 жылдар аралығында үш полиция объектісі салынбақ
26 Желтоқсан 2024, 15:46 -
ІІМ айыппұл туралы сұрақтарды осы нормаларды қабылдаған депутаттарға жолдауды ұсынды
26 Желтоқсан 2024, 15:40 -
Астанада мәдени-демалыс жұмысын қолдауға бюджеттен Т77 млрд сұрауда
26 Желтоқсан 2024, 14:28 -
Қызылорда бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне Т983 млн-ға жуық қаражат жұмсамақ
26 Желтоқсан 2024, 14:10 -
Премьер-министр Бектенов Ақтаудағы апат бойынша бірқатар тапсырма берді
26 Желтоқсан 2024, 13:54