ҚР-дағы АҚШ елшісі: Мен Қазақстанның біздің вакцинаны сатып алғанын қалаймын

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ –ҚР-дағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Қазақстанның коронавируске қарсы америкалық вакцинаны сатып алғанын қалайтынын білдірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мен ондай келіссөз болғанын білмеймін (Қазақстанның Pfizer вакцинасын сатып алу туралы – ҚазТАГ), бірақ мен америкалық вакцинаны сатып алу мүмкіндігінің барын білемін. Және, әрине, мен Қазақстанның біздің вакцинаны сатып алғанын қалаймын, себебі мен олар тиімді және өте жақсы деп ойлаймын»,- деді Мозер сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол атап өткендей, ол өзі Moderna вакцинасын алған.
«Мен Moderna фирмасынан америкалық вакцинаны алдым. Мен тағы екінші дозасын күтіп отырмын, оны 11 мамырда аламын», - деді елші.

adimage