Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. ҚР ауыл шаруашылық министрлігі 2020 жылы егістік алқабын 240 мың га көбейту жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
«Егістік алқабын әртараптандыру жұмыстары экспортқа бағдарланған дақылдарға басымдық беріле отырып, жалғасатын болады. 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га жерге егу жоспарлануда. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы деңгейден 240 мың га артық», - деді Сапаров жұма күні ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) кеңейтілген отырысында.
Ол майлы, жем-шөп, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп егетін алқаптардың көбейтілетінін атап өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, жел тұрады деп күтілуде26 Сәуiр 2024, 08:42
-
Тоқаев Қытайдың қорғаныс министрін қабылдады25 Сәуiр 2024, 17:48
-
Тоқаев жаңа бизнес-омбудсменді тағайындады25 Сәуiр 2024, 17:23