Павлодарда жеңіл көлік әйел адамды қағып кетті

Павлодар. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодарда жеңіл көлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми интернет-ресурсынан.
«28 қыркүйек сағат 06.25-те Н.Назарбаев даңғылында “ВМW-520” автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 46 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтылағандай, ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүргізіледі.

adimage