Павлодар облысының полиция департаменті қаржылық лизингке Т1 млрд астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Павлодар облысының полиция департаменті қаржылық лизингке Т1 млрд астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті» ММ; атауы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 159 201 373,7», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 10 мамыр мен 27 мамыр аралығында өтеді.

Фото көзі: Google Maps


adimage