«Шідерті ауылындағы көппәтерлі үйдің 30 ш. м шатырының ішінара бұзылуы, алаңында, Құлақөл ауылындағы жеке үйдің 6 ш. м. төбе жабыны зақымдалғаны анықталды. Сондай-ақ, қатты желдің салдарынан 40 шаршы метр алаңда Шиқылдақ ауылының Қ.Сәтбаев атындағы мектептің қазандық шатыры бұзылды»,- деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
Жаңаауыл ауылында қатты желдің салдарынан жеке үйде 12 шаршы метр және Торговая көшесіндегі қойманың 100 шаршы метр төбе жабыны бұзылды.
Ақсу қаласында қатты желдің салдарынан № 2 БЖСМ төбе жабынының 160 шаршы метрі, 26 шаршы метр алаңдағы трансформаторлық қосалқы станция, сондай-ақ көппәтерлі үйдің қасбетінің 80 шаршы метрі бұзылды.
Бұған қоса Ақтоғай ауданында аурухананың 130 шаршы метр төбе жабындысы, Баянауыл ауданында бір үй мен ауылдық мешіттің, ауылдық әкімдік пен орта мектептің төбе жабындары зақымдалған.
Ал Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Успен, Аққулы аудандары мен Ақсу қаласында электр қуатының өшіп қалуы бойынша 28 факті тіркелді.
Фото көзі: ДЧС Павлодарской области