Қостанайда сегізінші класс оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Қостанай. 16 наурыз. ҚазТАГ – Қостанайда сегізінші класс оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлады «Алау».
«Қостанайдағы жеке лицейде 8 класс оқитын 2005 жылы туған жасөспірім. Ол ауруханаға 13 наурызда сағат 21.40-та түсті. Жедел-жәрдем көлігі жеткізді. Жасөспірімдер арасында жанжал туған. Диагнозы- құрсақ қабырғасына пышақ шаншылған. Жарасы терең емес. Лапароскопия жасалды, құрсақ қуысы тексерілді. Қазіргі таңда бала хирургия бөлімшесінде жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, баланың жағдайы «бір қалыпты, орташа ауыр деп бағалануда».

adimage