Қостанай облысында Ресейдегі жұмылдырудан қашқан үш азамат ұсталды

Қостанай. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанай облысында Ресейдегі жұмылдырудан қашқан үш азамат ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады. Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді», - делінген жексенбідегі хабарда.
Шекара қызметі нақтылағандай, Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі.
«Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді ҰҚК ШҚ.
Атап өтелік, Ресей әскерінің бұған дейін басып алған Украина жерінен шегінуіне байланысты 21 қыркүйекте ішінара жұмылдыру жүргізу туралы жарияланғаннан кейін Қазақстанға келуші Ресей азаматтарының саны күрт өскен. 23 қыркүйекте ҰҚК шекара қызметі шекарадағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанға 2022 жылдың басынан бері Ресейден 1,6 млн азамат кірген.
21 қыркүйектен бері Ресейден Қазақстанға кірген жеңіл көлік саны 20% өскен.
23 қыркүйекте Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың қонақжайлылықтарына сенетінін және ұлттық қауіпсіздіктің бәрінен жоғары екенін мәлімдеді.
25 қыркүйекте белгілі болғандай, ресейліктерге Қазақстанға кіруге тыйым салына бастаған.

adimage