Министрлер кабинеті кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға несие беруге тыйым салады

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Үкімет кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға несие беруге тыйым салады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.
«Халықтың борыштық жүктемесінің қадағалаусыз көбеюіне байланысты жүйелі қауіпті шектеу үшін ағымдағы жылдың аяғына дейін төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен кепілсіз тұтынушылық займ бойынша тұрақсыздық төлемін, комиссия және басқа да төлемдерді есептеуге тыйым салатын шаралар қабылданатын болады. Тыйым салу кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға займ ұсынарда қолданылатын болады», - деді Досаев дүйсенбі күні 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысы бойынша үкімет отырысында.
Реттеу шаралары, оның айтуынша, кепілсіз тұтынушылық займдарды беруді ынталандырмауға бағытталған.
Ағымдағы жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында банктердің кредиттік портфелі 6% өсіп, 1 қыркүйекте Т13,3 трлн. құрады. Жыл басынан бері портфель 1% ғана өсті, бұл банктердің Т642 млрд. көлемінде жұмыс жасамайтын займдарды жабуымен байланысты, деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.
«Жеке тұлғалардың кредиттік портфель құрылымында тұтынушылық кредиттің үлесі жоғары, ол ағымдағы жылдың басынан бері Т3,9 трлн. өскен», - деді Досаев.

adimage