МАЭК тауарлық газға Т15,1 млрд астам жұмсамақ

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС тауарлық газға Т15,1 млрд астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС; атауы - табиғи газ; қосымша сипаттамасы - 5920004 Заңды тұлғалар үшін жылу өндіруге арналған тауарлық газ; саны - 119472; өлшем бірлік - мың текше метр; жоспарлы сома - Т3 684 946 579,2», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сонымен қатар, осы хабарландыруда тағы екі лот сипатталған:

1. Атауы - табиғи газ, қосымша сипаттамасы - 5920003 Халыққа жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газ, саны - 54605, жоспарлы сомасы - Т518 655 217,55;

2. Атауы - табиғи газ, қосымша сипаттамасы - 5920005 Электр энергиясын өндіруге арналған тауарлық газ, саны - 403678, жоспарлы сомасы - Т10 955 191 182,32.

Үш лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т15 158 792 979,07 құрайды.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 8 қазан мен 23 қазан аралығында өтеді.

«Тауарлық газды жеткізу біркелкі және үздіксіз жүргізіледі, газды магистральдық және тарату желілері арқылы тасымалдауды жеткізуші жүзеге асырады немесе төлейді», - деп сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: maek.kz


adimage